Без рубрики

Ұлттық кітап күні: Алматыда кітапхана ісінің мамандарына арналған практикум өтті
Ұлттық кітап күніне орай Алматы қаласында «Уақыт кеңістігінде орын алған кітапхана» атты республикалық жастар конвенті өтті. Іс-шараны Алматы қаласының кітапханалары «Ғылым ордасы» және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қолдауымен ұйымдастырды. Алаңға жиналған кітапхана саласының өкілдері — еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген 42 жас маман — өз бастамаларын ұсынып, кітапхана саласындағы заманауи сын-тегеуріндер мен болашақ даму перспективаларын талқылады. Іс-шараның басты оқиғаларының бірі — өңірлік кітапханашыларға арналған практикум болды. Оны А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана, С. Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы және «Ғылым ордасы» мамандары өткізді. Қатысушылар автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйесімен (АҚАЖ) жұмыс...

Алматыда «Алматының жас жазушысы – 2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Ұлттық кітап күні аясында Қазақстан Жазушылар одағында жыл сайын өткізілетін «Алматының жас жазушысы – 2025» қалалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Биылғы жылы байқауға 15–17 жас аралығындағы 173 оқушы қатысты. Олар Сапарғали Бегалин шығармаларының желісі бойынша фэнтези жанрындағы туындыларын қазақ және орыс тілдерінде ұсынды. Қазақ тіліндегі шығармалар арасынан үздік деп танылған шығарма – Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы Шырайлым Айбекқызының туындысы. Ол өз әңгімесін Сапарғали Бегалиннің «Алданған жолбарыс» атты шығармасының негізінде жазған. Орыс тіліндегі жұмыстардың ішінде ең жоғары бағаны №52 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Ренат Беккуловтың...

Алматы кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әдеби сағат өтті
Тарихи тағылым Алматы қаласының №4 кітапханасында ұйымдастырылған әдеби сағатта болды. «Ұлы Жеңіске — мәңгілік даңқ!» атты шара оқырмандарды жинап, батырларымыздың ерліктеріне толы өткенімізге тереңірек үңілуге мүмкіндік берді. Қатысушылар Ұлы Отан соғысына қатысушылардың қаһармандық жолын бейнелейтін шығармалармен танысып, сонымен қатар ардагерлермен жеке сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды. Өздерінің естеліктерімен Алмалы ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Батай Қабылов пен еңбек ардагері Серік Ахмедов бөлісті. Олар соғыс жылдарындағы қиындықтар мен майданда ерлік көрсеткен жолдастары туралы айтып берді. Қарулы қақтығыстар ардагері Оңғарбек Сыдықбеков 1969 жылғы Даманск аралындағы оқиғаларды еске түсірсе, Дуандар Умаров пен Роман Юн Ауған...

Алматы кітап жәрмеңкесінде жаңа басылымдар таныстырылды
Наурыз мерекесіне орай Алматы Кітапханалары Арбатта қала тұрғындары мен қонақтарына арналған кітап жәрмеңкесін ұйымдастырды. Мұнда әркім өзіне қажетті әдебиетті сатып ала алады. Биылғы жәрмеңкеге Қазақстанның 14 жетекші баспасы қатысып, классикадан бастап заманауи бестселлерлерге, білім, өнер және мәдениет туралы еңбектерге дейінгі кең ауқымды шығармаларды ұсынды. Көпшіліктің назарын IT және жасанды интеллект саласының сарапшысы, журналист Мейіржан Әуелханұлының «Жасанды интеллект әліппесі» атты кітабының таныстырылымы ерекше аударды. Кітап жәрмеңкесі – тек жеке кітапханаңызды толықтыру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар мәдени іс-шараның бір бөлшегі болу мүмкіндігі. Келушілер ақын-жазушылардың шығармашылығымен жақынырақ танысып, арнайы ұйымдастырылған әдеби кездесулерге...

«АЛМАТЫНЫҢ ЖАС ЖАЗУШЫСЫ – 2025» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
ЕРЕЖЕ Жалпы ережелер 1.1. «Алматының жас жазушысы – 2025» қалалық жыл сайынғы байқауының ережесі (бұдан әрі – Ереже) байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру тәртібін, қатысу шарттарын, ұйымдастыру комитетінің, қазылар алқасының және қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды. 1.2. Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ, Қазақстан Жазушылар одағы және балалар әдебиетін дамытуға жәрдемдесу қоғамдық бірлестігі «Өркен». Ұйымдастырушылар байқауға оның мақсаттары мен міндеттерін қолдайтын және өткізуге белсенді қатысатын басқа да заңды және жеке тұлғаларды тартуға құқылы. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері 2.1. Мақсаттары: Балалар мен жасөспірімдер арасында оқу мәдениетін қалыптастыру, қатысушылардың сауаттылығын...

Мерекелік кеш: “Алматы – аяулы мекенім”.

Алматыда ең ірі Kitap Fest Almaty кітап фестивалі өтті
2023 жылы 9 қыркүйекте Алматыда BAURZHAN foundation қоры ұйымдастырған Kitap Fest Almaty кітап фестивалі өтті. Қазақстанның халықаралық деңгейдегі алғашқы кітап фестивалі болып табылатын мәдени-бұқаралық іс-шара Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының және Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қолдауымен 2014 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Биыл қала күніне тұспа-тұс келген Kitap Fest Almaty фестивалінің тақырыбы: «Ұлттық әдебиет. Ұлттық тіл. Ұлттық дәстүрлер». Алматы кітап фестивалі кітап сүйер қауым үшін ауқымды бағдарлама дайындады: отандық жазушылар жаңа кітаптарын таныстырды. «Оффлайн кітаптар туралы» шатырында танымал жазушылар, қоғам қайраткерлері мен блогерлер пікір алмасты. Алматылықтарға иллюстрацияланған кітап...

«Құтадғу білік» жаңа аудармасы бойынша әдеби талдау

ЦЕНТРАЛЬНАЯ ГОРОДСКАЯ БИБЛИОТЕКА ИМ.А.ЧЕХОВА
Адрес: Алмалинский район, ул.Гоголя, 109 (расположена на первом этаже четырехэтажного жилого дома). Дата открытия: 1931 год. Модернизация: 2020 год. Площадь: 1572,6 кв.м. Фонд: 333 316 экз. книг. Кружки и клубы: курсы обучения интеллектуальной игре ГО; клуб компьютерной грамотности для песионеров.

Қазығұлов Шархан Нағметұлының «Күлпет» атты кітабының тұсаукесер рәсімі
Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Қазақстан Жазушылар кітапханасында жазушы-публицист, «Mecenat.kz» әдеби сыйлығының тұңғыш лауреаты Қазығұлов Шархан Нағметұлының «Күлпет» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл кітап 2022 жылы Mecenat.kz өткізген қазіргі Қазақстан туралы романдар конкурсында жеңімпаз атанған болатын. Кітаптың тұсаукесеріне белгілі қаламгерлер, ақын-жазушылар, әдебиет зерттеуші ғалымдар, зиялы қауым өкілдері және оқушы студент жастар қатысты. Автордың қалың жұртшылықтың ыстық ықыласына ие болған тілі шұрайлы, тынысы кең тосын туындысы, біздің де оқырмандарымыздың жүрегіне жол табады деп сенім білдіреміз.