Дарон Аджемоғлы Джеймс А. Робинсон «Мемлекеттер неге дамымай қалады»

Дарон Аджемоғлы мен Джеймс Робинсонның «Мемлекеттер неге дамымай қалады» кітабы – Сэмюэл Хантингтон, Джаред Даймонд немесе Фрэнсис Фукуяма еңбектерімен салыстыруға болатын, соңғы уақыттағы ең ірі саяси-экономикалық бестселлерлердің бірі. Авторлар тарихшыларды, экономистер мен философтарды ғасырлар бойы алаң- датқан сұраққа жауап іздейді. Әлемдік теңсіздіктің себебі неде, неге әлемнің байлығы жер бетіндегі елдер мен аймақтарға біркелкі бөлінбейді? Кітапта осы сұраққа тарихты тарқата отырып, саясат пен экономиканы зерделей келе жауап берілген. Адамзат баласы өмір сүрген барлық уақыт пен кеңістікті қамтуы бұл кітапты саяси-экономикалық ойдың нағыз энциклопедиясына айналдырады.