Луиза Хей «Өмірің өз қолыңда»

Сана мен тән бір-бірімен байланысып жатыр. Егер тәнің ауырса, оның басты себебін санадан іздеген жөн. Ойыңыз өзгермей өзіңіз де өзгере алмайсыз. Кітаптың басты идеясы осы. Бұл ойдың ақиқатына кітап авторының өмірі дәлел. Луиза Хей жазылмайтын жаман ауруға шалдығады. Медицина дәрменсіз. Өз өмірін өз қолына алған Луиза алдымен жаман ойдан арылады, сосын жаман ауру да жөніне кетеді. Луизаның әңгімесі әлемге тарап, осы кітабы отыздан аса тілге аударылып, 50 миллион данамен сатылады.