Біз туралы

Қазіргі уақытта «Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ  26 кітапханадан тұрады: А.П Чехов атындағы қалалық орталық кітапхана, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы, С.Бегалин атындағы қалалық орталық балалар кітапханасы, және 23 кітапхана филиалдарының ішіне И.А Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы, Қазақстан жазушылары кітапханасы, 13 көпшілік және 7 балалар кітапханасы, «ALATAU CREATIVE HUB»  кіреді.

Қазіргі уақытта ОКЖ кітапханалары кітапті сақтау және ақпарат берумен шектелмейді, олар кітап оқуды және кітаптарды насихаттауға бағытталған.

ОКЖ кітапханаларында дәстүрді нығайту, мәдени құндылықтарды таратылымын қамтамасыз ету және адамдардың шығармашылық қабілетін дамытуға үлес қосуда.

ОКЖ кітапханаларының  материалдық -техникалық базасын нығаюы, пайдаланушының заманауи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оңтайлы жағдай жасауда.  ОКЖ кітапханаларында компьютерлендіру және автоматтандыру процестері жалғастырылуда.

Кітапханаларда интернет желісі көпшілікке қолжетімді. Пайдаланушылардың электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу мүмкіндігі бар. ОКЖ кітапханалары жаңа технологияларды пайдалануы оқырманға әр түрлі қызметтерді алуға мүмкіндік береді және оларды кітапханаға тартады.

ПАСПОРТ
Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
Алматы қаласы Мәдениет басқармасы
 

Директор Кабиева  Роза  Касымбекқызы
Мекеменің мекен-жайы Алматы қаласы, Гоголь көшесі,109
Мекеменің веб-сайты www. libraryalmaty.kz
Ғимараттардың жалпы ауданы 14694,2 кв.м.
Мекеменің құрылған жылы 1984жыл
Меншік нысаны Мемлекеттік мекеме
Құрылтайшысы Алматы қаласы әкімдігі
Негізгі қызметі Кітапханалық, ақпараттық, анықтамалық-библиографиялық оқырмандарға қызмет көрсету
Қызметкерлер саны 371 адам
Жалпы кітапхана коры 185 8020 экз. (2020 жыл соңы)
Оқырмандардың жалпы саны 250 000
Жыл сайынғы оқырмандар келуі 3 000 000
Вертуалды қолданушылар саны 800 000
Жыл сайынғы кітап берілімі 3 000 000

«Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесіңің тарихы

1984 жылы Алматы Халық депутаттары Кеңесінің 1984 жылғы 24 қаңтардағы № 2/31 шешімімен қаланың балалар мен көпшілік кітапханаларын біріктіру арқылы «Алматы қаласының Орталықтандырылған  кітапхана  жүйесі» құрылды.

2000 жылдың наурызынан бастап, Алматы қаласы әкімінің шешімі бойынша, «Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» комуналдық мемлекеттік мекемесі коммерциялық емес заңды тұлға мәртебесіне ие болды.

2001 жылы ОКЖ модернизациялаудың алғашқы кезеңі басталып, 5 компьютер алынды.

2002 жылы А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада Ақпараттық орталық жұмыс жасай бастады.

2003 жылы И.А.Крылов атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында қазақ халқының  тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттайтын «Алтын шаңырақ» орталығы құрылды.

2004 жылы А.П.Чехов атындағы ОҚК мен № 4 кітапхана оқырмандары Интернетпен жұмыс істейтін мүмкіндік алды.

2006 жылы РАБИС бағдарламасы жұмыс жасай бастады.

2009 жылы КАБИС бағдарламасына көшіп, Электрондық каталог құрыла бастады.

2012 жылы ОКЖ сайты ашылды.

2014 жылы  кітапханалардың 87%  Интернет желісіне қосылды.

Бүгінде ОКЖ-де 340 компьютер бар.

2014 жылы каталогты ретроконверсиялау жұмысы аяқталды.

2016 жылы «Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі», «Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы», «С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерін біріктіру жолымен Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының « Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта  құрылды.

2016 жылы «ХХІ ғ.КІТАПХАНАЛАРЫ:БОЛАШАҚҚА КІТАППЕН» атты Халықаралық конференция өтті.

2017 жылы қала жобаларымен белсенді жұмыс:

  • «Жастар кітапты таңдайды»;
  • «Қазақстандық 100 үздік кітап»;
  • «Жастар кітабының апталығы»;
  • «Кітапхана — жастардың шығармашылық алаңы»;
  • «Кітап гастролі»;
  • «Алматы — оқырман қала» қалалық науқан өткізілді.

2018 ж. «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында шаралар өткізілді:

  • Алматы қаласы кітапхана қызметкерлерінің қалалық форумы;
  • «Кітапхана кеңістігі: #Медиа #Мәдениет # Оқу»;
  • Өзбекстанның Республикалық кітапханасымен Онлайн - кездесу ұйымдастыру және өткізу. Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылуы;
  • «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы  кеңістігін жаңғыртудан кейінгі ашылуы;
  • «Қазақстан кітапханалары — заманауи Білім орталығы»  партиялық жоба аясында ОКЖ кітапханаларында орталықтарының ашылуы:
    • «Шабыт» Қазақстан Жазушылары кітапханасында;
    • «Жас Өркен» Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында;
    • «Білім ортақ қазына» С.Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында;
    • «Өрлеу» №6 кітапхана филиалында;
    • «Дарын» №4 кітапхана филиалында;
    • «Ұлы дала көшпенділер әлемі» Этно-фестиваліне қатысты;
    • Ұлттық Домбыра күніне қатысты.
    • «ҚҰРАҚ КӨРПЕ» құрау қалалық науқанына қатыстық  #ҚҰРАҚ КӨРПЕ#QURAQ QORPE#.
    • «КітапFest» қалалық фестивалін өткізді.

2019 жылы —  5 кітапхананы жаңғыртылды.

2020 жылы —  10 кітапхананы жаңғыртылды.

Мерейтойлық іс-шараларды өткізді:

  • Абайдың 175 жылдығы;
  • Алтын Орданың 750 жылдығы;
  • Әл-Фарабидің 1150 жылдығы;
  • Жаңа ALATAU CREATIVE HUB ашылды;
  • Қазақ балалар жазушысы С.Бегалиннің туғанына 125 жыл толуына арналған «Балалық шақтың елшісі» халықаралық конференциял өткізілді.