Тарихы

«Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» (бұдан әрі – ОКЖ) 27 кітапхана – бөлімшеден тұрады.

1984 жылы Алматы халық депутаттары кеңесінің 1984 жылғы 24 қаңтардағы №2/31 шешімімен қаланың балалар мен бұқаралық кітапханаларын біріктіру жолымен Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырылды.

2000 жылғы наурыздан бастап Алматы қаласы әкімінің шешіміне сәйкес кітапхана заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылып «Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі»мемлекеттік мекемесі деп аталады.

2009 жылдан бастап ОКЖ Қазақ автоматтандырылған кітапханалық–ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҚАКАЖ) бағдарламасы бойынша жұмыс істейді және электрондық каталог құруды бастады.

2012 жылы Алматы қаласы ОКЖ сайты құрылды.

2014 жылы кітапхананың 87% Интернет желісіне қосылды.

2014 жылы каталогты ретроконверсиялау жұмыстары аяқталды.

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы «Алматы қаласы Мәдениет басқармасының кейбір коммуналдық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» № 1/190 қаулысымен «Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі», «Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы», «С. Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері Алматы қаласы мәдениет басқармасының «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-ге бірігу жолымен қайта ұйымдастырылды.

2016 жылғы 1 маусымда Медеу ауданының әкімдігімен бірлесіп Төле би көшесінде (Достық даңғылынан Ш.Уәлиханов көшесіне дейін), кітап көрмелері, Жазушылар шатыры, балаларға арналған шеберлік сыныптары, асфальттағы сурет байқауы, балаларға арналған концерт, интерактивті ойындар мен ойын-сауық жабдықтары бар балалар қалашығы ашылды.

2016 жылғы 5 қыркүйекте ОКЖ Алматының 1000 жылдығына арналған «KitapFest» қалалық кітап фестиваліне қатысты. «Алматы ән – жыр тарих» көрмелері, жазушылар Н. Ақышев, Б. Нұржекеев және т. б. кездесулер ұйымдастырылды.

2016 жылғы 17 қыркүйекте Алмалы ауданы әкімдігімен бірлесіп «Мега» ОСО алаңында «Алматы – оқырман қала»акциясы өтті. Жазушылар Маралтай Райымбек, Саят Қамшыгермен кездесулер ұйымдастырылды.

2016 жылғы 20-21 қазанда Қазақстан, Ресей, Қырғызстанның 11 өңірінен келген мемлекеттік кітапхана мамандарының қатысуымен «ХХІ ғасыр кітапханалары: болашаққа кітаппен» атты халықаралық кітапханашылар конференциясы өтті. Қатысушылар саны-200 адам. Жұмыс пленарлық отырыс, шеберлік – сынып және кітап алмасудың жаңа нысаны «BOOK PLACE» режимінде өтті.

2017 жылғы 17 қаңтарда Универсиадаға арналған «Универсиада – 2017» оқырмандар конференциясы өткізілді. Универсиаданың қатысушысы, жүлдегері Айза Имамбекпен көрме және кездесу ұйымдастырылды.

2017 жылғы 22 сәуірде Бостандық ауданы әкімдігімен бірлесіп Халықаралық Балалар кітабы күні ұйымдастырылды. Балалар жазушылары – Е. Клепикова мен С. Қамшыгердің шығармашылығының тұсаукесері, балаларға арналған шеберлік сыныптары, Бостандық ауданының балалар ұжымдарының концерті өтті.

2017 жылғы 20 мамырда Медеу ауданының әкімдігімен бірлесіп Оқушылар сарайының алаңында өткен «ОКЖ» – «жастар кітап таңдайды» жобасы іске асырылды.

2017 жылдың 20 тамызында «Алматы хайуанаттар бағына 30 жыл»атты қалалық іс-шара өткізілді. Қатысушылар саны-1500 адам. «Балаларға жануарлар туралы» көрмелер, интерактивті ойындар, хайуанаттар бағының жұмысы ұйымдастырылды.

2017 жылғы 10 қазанда Медеу ауданының әкімдігімен бірлесіп «Төле би»көшесінің мерейтойына орай қалалық іс-шара өткізілді. Қатысушылар саны-3000 адам. «100 үздік қазақстандық кітап», «Қазақстан Жазушылары – жастарға» көрмелері, тарих бойынша шеберлік – сыныптары ұйымдастырылды.

2017-2021 жж. 16 кітапхана – бөлімшелерін жаңғырту:

2018 жылы Жамбыл атындағы ҚЖК;

2019 жылы ОКЖ-нің 5 кітапханасы:

№ 15 кітапхана – бөлімшесі;

№ 20 кітапхана – бөлімшесі;

№ 24 кітапхана – бөлімшесі;

№ 32 кітапхана – бөлімшесі;

№ 33 кітапхана – бөлімшесі;

2020 жылы 10 кітапхана – бөлімшесі жаңғыртылды:

Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана;

Қазақстан жазушылар кітапханасы;

Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы;

№ 1 кітапхана – бөлімшесі;

№ 4 кітапхана – бөлімшесі;

№ 6 кітапхана – бөлімшесі;

№ 26 кітапхана – бөлімшесі;

№ 29 кітапхана – бөлімшесі;

№ 30 кітапхана – бөлімшесі;

№ 44 кітапхана – бөлімшесі.

2020 жылы «ALATAU CREATIVE HUB»жаңа шығармашылық кеңістігі ашылды;

2021 жылы Мәуленов көшесі, 46 мекенжайында «Almaly Kitaphanasy» коворкинг – кітапханасы ашылды.

Жаңғырту қорытындысы бойынша Алматы қаласының мәдениет басқармасы Алматы қаласының жетекші БАҚ журналистері мен блогерлерінің қатысуымен баспасөз турын өткізді.

Жаңғыртудан кейінгі қызықты және заманауи дизайн кітапханаларға көптеген жаңа оқырмандарды тартты, жұмыс режимі 9.00-ден 20.00-ге дейін өзгертілді.

2018 жылғы 23 ақпанда Мәдениет басқармасымен бірлесіп, пленарлық отырыс режимінде Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы М.Райымбек пен «Айқын» газетінің редакторы Н.Жүсіптің қатысуымен Алматы қаласы кітапханалары қызметкерлерінің «Кітапхана кеңістігі: #Медиа #мәдениет #Оқу» қалалық форумы өтті.

2018 жылдың 18 сәуірінде Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, мәслихат депутаты Қ.Матыжановтың қатысуымен «Жаңа әлемге жаңғырған Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтті.

2018 жылдың 28 сәуірінде аталым көшбасшысы М.Бектұрғанмен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша дөңгелек үстел өтті.

2018 жылғы 13-14 қыркүйекте ОКЖ «кітапхана – қоғамның көпбейінді, көпдеңгейлі, әлеуметтік – мәдени институты ретінде» тақырыбында кітапханашылар съезіне қатысты. Жамбыл атындағы ҚЖК негізінде көшпелі семинар ұйымдастырылды. «Кітапхана – жастарға арналған зияткерлік – демалыс орталығы ретінде».

2018 жылғы 25 қазанда ОКЖ Ресей, Қырғызстан, Беларусь елдерінің қатысуымен «Медиабілім беру жүйесіндегі кітапхана» тақырыбында «ЮНЕСКО-ның медиа – ақпараттық сауаттылығының» халықаралық апталығына қатысты.

2018 жылдың 22 наурызында Жібек жолы даңғылында » Рухани жаңғыру «бағдарламасын жүзеге асыру және қазақ халқының ұлттық бірегейлігін сақтау аясында Наурыз мерекесіне арналған #ҚҰРАҚКӨРПЕ #QURAQQÓRPE дайындау акциясы басталды. «ҚҰРАҚ КӨРПЕ» акциясы Алматы қаласы әкімдігінің, Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының қолдауымен Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қатысуымен өткізілді. Алматы қаласы күні Тұңғыш Президент саябағында Гиннес кітабының жаңа әлемдік рекорды – Құрақ көрпенің ең ұзын ұлттық көрпесінің тұсаукесері өтті. Гиннестің рекордтар кітабының бас кеңсесінің өкілі қолдан жасалған көрпенің ұзындығын тіркеді және жетістік Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Сертификат Алматы әкімі Бауыржан Байбекке табысталды.

2019 ж. Жастар жылы деп жарияланды. 8 ақпан күні Жамбыл атындағы ҚЖК -да «НұрОтан» партиясының өкілдерімен жылдың ашылу салтанаты өтті.

2019 жылғы 27 ақпанда «НұрОтан» партиясы өкілдерінің қатысуымен ОКЖ кітапханаларында «Болашақ» білім орталықтары ашылды.

2019 жылғы 23 сәуірде ОКЖ ҚР Ұлттық кітапханасының алаңында «Кітап және авторлық құқық күні» қалалық мерекесіне қатысты. Балалар жазушысы Е.Клепикова мен қазақ балалар жазушысы С. Қамшыгердің қатысуымен шеберлік сыныптары өткізілді.

2019 жылғы 7 қыркүйекте ОКЖ «КітапФест» қалалық кітап фестиваліне қатысты. Жас журналистердің шеберлік – сыныптары, сондай-ақ прозашы М.Шыңғыс пен А.Төлеудің шығармашылығының тұсаукесері ұйымдастырылды.

2019 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан тарихы бойынша «Ұлы Отан соғысы: фактілер мен фейктер» бейіндік мектептері Ш. Уәлиханов ат.Тарих және этнология институты, ҚР Қорғаныс министрлігі Армия үйінің әскери-тарихи мұражайы, «Ашық мектеп» республикалық ақпараттық – әдістемелік журналы және ҚР-дағы Россотрудничество өкілдігімен бірлесіп ашылды.

2019 жылдың 14 қыркүйегінде Алатау және Наурызбай аудандарында «Алматы-оқырман қала» акциялары өтті, «Қазақстан Жазушылары – жасөспірімдерге», «100 үздік қазақстандық кітап»көрмелері ұйымдастырылды. Балалар жазушылары С. Қамшыгер, М. Шоқан шығармашылығының тұсаукесері, шеберлік – сыныптар, интерактивті алаңдар жұмысы ұйымдастырылды.

2019 жылғы 23 сәуір-13 қыркүйек аралығында ОКЖ «Ертегімен саяхат»халықаралық жобасына қатысты. Байқау жеңімпазы болып С. Бегалин ат. Орталық қалалық балалар кітапханасының оқырманы С. Досебаев атанды. Байқау қорытындысы бойынша С. Досебаев Мәскеу қаласына «Достастық оқырмандары Ассамблеясына»шақырылды.

2019 ж. келесі күндерге арналған мерейтойлық іс-шаралар өткізілді:

  • Абайдың 175 жылдығы;
  • Алтын Орданың 750 жылдығы;
  • Әл-Фарабидің 1150 жылдығы.

2020 ж.24 қарашада Қазақ балалар жазушысы С. Бегалиннің туғанына 125 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының, жақын шетелдердің кітапханалары мен мәдениетінің 175 өкілінің қатысуымен ZOOM режимінде «Балаларға берілген талант» атты халықаралық конференция өтті.

2020 ж. ТМД кітапханаларының қатысуымен мәдениеттердің халықаралық жақындасуы аясында ұйымдастырылған «Бір бетте» Халықаралық балалар конкурсы өткізілді.

2021 жылғы 7 маусымда «Кітап. Кітапхана. Қоғам: даму парадигмасы. Уақыт сынақтары» Ағайынды Игнатовтар ат.Краснодар облыстық балалар кітапханасымен бірлесіп.

2021 жылғы 26-27 қарашада ОКЖ Қазақстан Гете-институтының «Жаңа форматтағы кітапханалар – жұмыс, қарым-қатынас, демалыс үшін шығармашылық кеңістіктер» атты халықаралық семинарына қатысты.

2021 жылғы 9 желтоқсанда Мәдениет басқармасының басшысы Г.Майлибаевтың, белгілі жазушылар мен ақындардың қатысуымен TURKSOY халықаралық ұйымы кітаптарының тұсаукесері өтті.

2021 жылы келесі күндерге арналған мерейтойлық іс шаралар өткізілді:

  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы;
  • Балалар әдебиеті жылы;
  • Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл;
  • Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл.

Халықаралық диалогты кеңейту шеңберінде «Түркітілдес халықтардың мәдени мұрасы»жобасын іске асыру туралы Түрік Елшілігімен екіжақты ынтымақтастық туралы шартты талқылау және қол қою өтті. Осы келісім аясында 27 Мамырда ОКЖ «Алмалы кітапхана» кітапхана – бөлімшесінде «Түрік әдебиеті бұрышының» ашылуы, 500 дана балалар кітабын салтанатты түрде тапсыру және түрік тілінің оқыту курстарының ашылуы өтті.

2022 жылдың 15 шілдесінде Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында белгілі қазақ жазушысы Дулат Исабеков, Hertfordshire Press (Лондон) баспа үйінің басшысы – Марк Ахмед және танымал австралиялық театр режиссері Уоррен Уиллс қатысқан баспасөз конференциясы болып өтті.

2022 жылғы 16 маусымда Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында ОКЖ жетекші мамандарының қатысуымен «Әдебиет көпір» халықаралық мәдени интерактивті жобасы өтті.

2022 жылғы 7 қыркүйекте қала күнін мерекелеуге орайластырылған, жүлде қоры 1 850 000 теңгені құрайтын «Көркем қала – Алматы» жыр байқауы өткізілді. Байқауға 83 жас ақын қатысты. Қазылар алқасының қатысуымен жүлдегерлерді марапаттау мен іс-шарасы 20 қыркүйекте «Alatau Creative Hub» ғимаратында өтті.

2022 жылғы 25 қарашада Ресейдің кітап шығарушылар қауымдастығының, Ресей мемлекеттік балалар кітапханасының, балаларды оқуға баулу бойынша мәдениет, өнер және ағарту қайраткерлерінің қауымдастығының қатысуымен «Кітапхана – балаларды оқуға баулу орталығы ретінде» атты Халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.

2023 жылғы 23 ақпанда № 4 кітапхана-филиалында халық ақыны Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналған «Жыр жолбарысы – Жамбыл» атты жас ақындар айтысы өтті.

3 наурыз 2023 ж. Жамбыл ат.қалалық жасөспірімдер кітапханасында шығармашыл жастарды қолдау және дамыту мақсатында » Жас қаламгерлер мектебі «ашылып, өз жұмысын бастады. Бұл жобаны Алматы қаласының Мәдениет басқармасы мен Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында іске асырды. Ол сонымен бірге Қазақстан жазушылар кітапханасы, № 4, 6 кітапхана – бөлімшелерінде жұмыс істейтін болады.