Жобалар

«Жарқын жаз» жазғы оқулары – жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру және оларды кітапханаға тарту.

«Алматы – оқырман қала» акциясы аясында оқырмандарды кітапханаға тарту, қала тұрғындарының әртүрлі топтары арасында кітап пен кітап оқуды дәріптеу, кітапханалардың жұмысына қоғамның назарын аудару.

«Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы – қаланың саябақ аймақтарында бос уақытты ұйымдастыру үшін әдебиеттер ұсыну: М.Мақатаев сквері, қарағайлы сквері, Ганди саябағы.

«Алтай–Атырау арасы» жобасы – Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі жазушылар мен ақындардың шығармашылығымен таныстыру, дәріптеу.

«Кітапхана – жастарға арналған шығармашылық алаң» жобасы – жастардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, кітап пен кітап оқудың беделі мен қоғамдық қызығушылығын арттыру.

«Мамандық кілті» жобасы-оқушыларға мамандық таңдауда көмек көрсету.

«Кітап арқылы құқықтық білімге» жобасы-жастарға құқықтық тәрбие беру мақсатында тренингтер, квесттер, дәрістер ұйымдастыру және өткізу.

«Жастар кітабы апталығы» жобасы кітапті насихаттау, жастарды кітап оқуға тарту.

«Kino KESH» жобасы – қазақстандық киноны танымал ету.

«Руханият» жобасы – қазақ әдебиетін дәріптеу.

«Отандық туризм бағдарламасы» жобасы – қазақстандық туризмді насихаттау.

«Логотерапия бағдарламасы» жобасы – жастар арасында суицидтің алдын алу бойынша Мәскеу психотерапия институтымен бірлескен жоба.

«Kitaptalkу» жобасы-жастардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, кітапхана мен кітап оқудың беделі мен қоғамдық қызығушылығын арттыру.

«Жастардың қаржылық сауаттылығы» жобасы – балалардың қаржылық сауатын дамыту бойынша Хоум Кредит банкімен бірлескен жоба.

«Білгім келеді» жобасы – мектеп бағдарламасына қосымша білім алу.

«MOTIVATIONME» жобасы – жастарға арналған пікірталас клубы.

«Номофобия» жобасы – жастардың ақпараттық тәуелділігін төмендетуге көмек көрсету.

«Start Up» жобасы – жас кәсіпкерлерге кеңес беруге көмек көрсету.

«Құм терапиясы» жобасы – балалар мен студенттер үшін қауіпсіз, инклюзивті экожүйені ұйымдастыру, балалардың дамуын түзету.

«Халықтар кітаптармен достасады» жобасы – кітап арқылы оқырмандарды толеранттылыққа тәрбиелеу.