ЖАПОН ЖАЗУШЫСЫ ЕСИКО КОЯМАНЫҢ “СИҚЫРЛЫ ОРЫНДЫҚ” КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Атамұра» корпорациясының қолдауымен жарық көрген Жапония жазушысы Ёсико Кояманың балалар мен бүлдіршіндерге арналған «Сиқырлы орындық» кітабы оқырманға таныстырылды.
«Dozo no isu» кітабы – алғаш рет 1981 жылы басылып шыққан әрі бірден балалар әдебиеті басылымдарының арасында бестселлерге айналған, әлемнің, 50-ден астам тіліне аударылған. «Атамұра» баспасы осы ертегіні жапон тілінен қазақ тіліне аударып, «Сиқырлы орындық» атауымен қайта басып шығарды. Кітапты қазақ тіліне танымал аудармашы, қазіргі таңда Жапония елінде тұрып жатқан жерлесіміз Фарида Кишимото аударған.
Көркем безендірілген кітап кішкентай оқырмандарға бір-біріне көмектескен мейірімді әрі қамқор жануарлар туралы әңгімелейді. Ертегіде қоян орындық жасап, оған «Сиқырлы
орындық» деп жазып кояды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында «Атамұра» корпорациясы кітапханамызға «Сиқырлы орындық» кітабының 75 данасын сыйға тартты.
Ертегіні бүлдіршіндеріңізбен бірге келіп Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасына келіп оқи аласыз.