Алматы Кітапханалары мен Ляньюньган қаласының муниципалды кітапханасы меморандумға қол қойды

АЛМАТЫ КІТАПХАНАЛАРЫ МЕН ЛЯНЬЮНЬГАН ҚАЛАСЫНЫҢ МУНИЦИПАЛДЫ КІТАПХАНАСЫ “БІР БЕЛДЕУ-БІР ЖОЛ” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ.

Елдер арасындағы мәдени және білім беру байланыстарын нығайтуға бағытталған тарихи қадамда Ляньюньган қаласының муниципалды кітапханасы мен Алматы Кітапханалары “Бір белдеу — бір жол”жаһандық жобасы шеңберінде стратегиялық ынтымақтастық ниеттері туралы хаттамаға қол қойды.

Бұл маңызды ынтымақтастық мәдени алмасуды дамытуға және екі елдің тұрғындары үшін кітапхана ресурстарына қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Осы Келісім шеңберінде бірлескен жұмыстың бірнеше негізгі бағыттары көзделген:
Кітапханалар кітаптармен, коллекциялармен және басқа да кітапхана материалдарымен белсенді түрде алмасады. Кітап жәрмеңкелерін ұйымдастыру жоспарлануда, бұл екі кітапхананың қорларын байытуға және оқырмандарға әртүрлі мәдениеттердің бірегей туындыларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Кітапханалық қызмет көрсету саласында тәжірибе алмасу және табысты тәжірибелерді көшіру үшін академиялық семинарлар өткізілетін болады. Бұл екі жақтың кітапханашыларына өз дағдыларын жетілдіруге, тиімді жұмыс әдістерін қабылдауға және іс-шараларды ұйымдастыруды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Екі тарап бірлескен жұмыс айтарлықтай жемісті болатынына және Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени және білім беру өзара іс-қимылын дамытуға маңызды үлес қосатынына сенімді.