Алматы Кітапханалары Алмалы комьюнити-орталығында өзіне-өзі қызмет көрсететін кітапхананы орнатты
Автономды өзіне-өзі қызмет көрсету кітапханасы қала тұрғындарына кітапханаларға бармай-ақ әдебиеттерді алуға және қайтаруға мүмкіндік береді.
Бұл жобаны тестілеу өткен жылы Арбат алаңында іске қосылды. Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы “Арбат” алаңында өткен “Наурыз Фест” Халықаралық фестиваліне қатысуы кезінде Алматы Кітапханалары Мемлекет басшысына өзіне-өзі қызмет көрсететін кітапханасын ұсынды.
Қазіргі уақытта мұндай дербес кітапханалар “Dostyk Plaza” СОО және “Forum” СОО-да орнатылған.
Автомат кітап алуды тіркейді, оны кейінірек кітапханаға да, құрылғыға да қайтаруға болады. Бұл бастама оқудың қолжетімділігін арттыруға және кітаптарға қызығушылықты ынталандыруға бағытталған.
Ағымдағы жылдың соңына дейін өзіне-өзі қызмет көрсету кітапханалары сауда орталықтарында, метро станцияларында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және басқа да қоғамдық орындарда орнатылатын болады.