Қазақ өнерінің қайталанбас тұлғасы Құман Тастанбековті еске алу кеші өтті

Бүгін Қазақ киносы мен театр өнерінің жарық жұлдызы, Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбековтің 80 жылдығына арналған әдеби-мәдени кеш өтті. Ұлттық өнерді құрметтейтін жанашырлар бас қосқан бұл шарада актердің шығармашылық жолы, ұлттық мәдениетке қосқан үлесі және оның ел жадында мәңгі сақталған «Қыз Жібек» фильміндегі Төлеген рөлі кеңінен талқыланды.
Кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, театр және кино актерлері Омар Қиқымов, Жұмағали Маханов, Еркебұлан Дайыров, Асан Мәжит арнайы қонақ болып, Құман Тастанбековтің өнердегі дара жолына тоқталып, оның адами қасиеттері мен кәсіби шеберлігі жайында әсерлі естеліктерімен бөлісті.
Шара барысында актердің кинодағы және театр сахнасындағы үздік рөлдері туралы қызықты талқылаулар өтіп, оның қазақ өнеріндегі айрықша орны тағы бір мәрте айқындалды. Кешке қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, Құман Тастанбековтің өнерін ұлықтау – болашақ ұрпақ үшін маңызды екендігін атап өтті.