«Атамекен» ән-жыр кеші: Ескендір Хасанғалиев мұрасына арналған мәдени шара

Қазақстан Жазушылар кітапханасында қазақ музыка өнерінің жарқын тұлғасы, Халық әртісі, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына арналған «Атамекен» атты ән-жыр кеші өтті.
Кешке №4 зағип және нашар көретін балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттың оқушылары, кітапхана оқырмандары және өнерсүйер қауым қатысты. Жүргізушілер Бағлан Әбдікәрім мен Аружан Сламбек композитордың өмір жолына шолу жасап, оның еңбектерімен таныстырды.
Кеш қонақтары жазушы, ғалым, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Нұрдәулет Ақыш, балалар жазушысы Қанат Қайымов болды.
Олар композитордың қазақ музыкасына қосқан үлесі, шығармашылығы туралы қызықты естеліктерімен бөлісті. Кеш барысында «Гүл сезім», «Айналдым сені», «Анаға сәлем»
«Алматының алмасы», «Әдемі-ау», «Күн дидарлы Қазақстан», «Жағадағы ару қыз» әндері орындалды.