Жобалар

“Жарқын жаз” жазғы оқулары – жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру және оларды кітапханаға тарту.

“Алматы – оқырман қала” акциясы аясында оқырмандарды кітапханаға тарту, қала тұрғындарының әртүрлі топтары арасында кітап пен кітап оқуды дәріптеу, кітапханалардың жұмысына қоғамның назарын аудару.

“Ашық аспан астындағы кітапхана” жобасы – қаланың саябақ аймақтарында бос уақытты ұйымдастыру үшін әдебиеттер ұсыну: М.Мақатаев сквері, қарағайлы сквері, Ганди саябағы.

“Алтай–Атырау арасы” жобасы – Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі жазушылар мен ақындардың шығармашылығымен таныстыру, дәріптеу.

“Кітапхана – жастарға арналған шығармашылық алаң” жобасы – жастардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, кітап пен кітап оқудың беделі мен қоғамдық қызығушылығын арттыру.

“Мамандық кілті” жобасы-оқушыларға мамандық таңдауда көмек көрсету.

“Кітап арқылы құқықтық білімге” жобасы-жастарға құқықтық тәрбие беру мақсатында тренингтер, квесттер, дәрістер ұйымдастыру және өткізу.

“Жастар кітабы апталығы” жобасы кітапті насихаттау, жастарды кітап оқуға тарту.

“Kino KESH” жобасы – қазақстандық киноны танымал ету.

“Руханият” жобасы – қазақ әдебиетін дәріптеу.

“Отандық туризм бағдарламасы” жобасы – қазақстандық туризмді насихаттау.

“Логотерапия бағдарламасы” жобасы – жастар арасында суицидтің алдын алу бойынша Мәскеу психотерапия институтымен бірлескен жоба.

“Kitaptalkу” жобасы-жастардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, кітапхана мен кітап оқудың беделі мен қоғамдық қызығушылығын арттыру.

“Жастардың қаржылық сауаттылығы” жобасы – балалардың қаржылық сауатын дамыту бойынша Хоум Кредит банкімен бірлескен жоба.

“Білгім келеді” жобасы – мектеп бағдарламасына қосымша білім алу.

“MOTIVATIONME” жобасы – жастарға арналған пікірталас клубы.

“Номофобия” жобасы – жастардың ақпараттық тәуелділігін төмендетуге көмек көрсету.

“Start Up” жобасы – жас кәсіпкерлерге кеңес беруге көмек көрсету.

“Құм терапиясы” жобасы – балалар мен студенттер үшін қауіпсіз, инклюзивті экожүйені ұйымдастыру, балалардың дамуын түзету.

“Халықтар кітаптармен достасады” жобасы – кітап арқылы оқырмандарды толеранттылыққа тәрбиелеу.