Карнеги Дейл. Шешендік өнер

Психиатрлардың пайымдауынша, адамдардың 95 пайызы көпшілік алдына шығып сөйлеуден қорқатынын білесіз бе? Бәріміздің бойымызда үрей бар. Оның ішінде сіз де боларсыз. Мәселе мыңдаған адамы бар аудиторияның алдына шығуда емес, жай ғана ата-аналар жиналысында, көршілердің жиынында да сөз сөйлеуде тосылып қалатынымыз белгілі.
Қолыңыздағы кітап көпшілік алдында сөйлеудің, былайша айтқанда, шешендік өнердің алғышарты десек, артық емес. Дейл Карнегидің әлемнің үздік бестселлері қатарынан ойып орын алған туындысы оқырманға көпшілік алдында көркем сөйлеуді, ойды анық жеткізуді, аудиторияны сендіруді және өзін ұстауды үйретеді.
Бұл кітапқа автордың он бес жылдан астам уақыт бойы Еуропа мен Америкада көпшілік алдындағы сөйлеу курсынан сабақ беру барысында жинақтаған тәжірибесі арқау болған. Кітапты оқысаңыз, батыл, ойын анық жеткізетін, нақты мақсаты бар және соған ұмтыла алатын адамға айналасыз. Бойыңызда бұғып жатқан мүмкіндіктеріңізді неғұрлым тиімді пайдалануды үйренесіз. Бұрын өзін орындаушымын деп есептейтін жандар көшбасында тұруды, лидерлікті меңгереді.