Роулиң Ж.К. Хәрри Поттер мен От сауыт. 4 кітап

Квиддич бойынша Әлем чемпионатының финалдық матчында аспанда Қара таңба пайда болған сәттен бастап, қауіп-қатер Гарри Поттерді тынымсыз аңди бастайды.

Хогвартстың атынан шығып, мектептің абыройын қорғау үшін От тостағаны таңдаған Гарри аңызға айналған Үш сиқыршы турнирінде ең мықты сиқыршылардың өзін сынайтындай күрделі сынақтардан өтеді. Сол сынақтардың алғашқысы – қанқұйлы венгр мүйізқұйрығымен бетпе-бет келу.

Алайда Гарри үшін турнир сынақтары әлдеқайда зұлым әрі қатерлі оқиғаның бастамасы ғана еді.

Том Реддлдің ата-бабаларының қабірлері жатқан Кіші Висельтон ауылындағы тұманды түндердің бірінде Гарри ең қара тылсым сиқырмен бетпе-бет келеді…

Өзінің теңдессіз көркем шеберлігімен Кейт Гринуэй сыйлығының лауреаты Джим Кей сүйікті кейіпкерлердің бейнелерін – Алақұла Муди, Виктор Крам, Рита Скитер және басқаларды – көз алдымызға әкеледі. Ал бұл кезде Шармбатон, Дурмстранг және Хогвартс Үш сиқыршы кубогы үшін бақ сынайды. Бұл — әлемге сүйікті болып үлгерген ертегінің төртінші кітабының керемет безендірілген басылымы.