Кибуиши Казу. Тұмар. 4-кітап. Соңғы кеңес

Эмили мен оның достары Сиелистен керекті көмегін аламыз деп ойлайды, алайда ойлағандары болмай қалды. Кезінде адамдарға лық толы көшелер қазір қаңырап бос тұр, ал қаладан әлі көшіп кетпеген тұрғындары қорқыныштан көз ашпайды.

Эмилиді Академияға әкелгенде, сол жерде ең құдіретті Тас сақшылар тобы, Қорғаушылар кеңесіне мүше болу үшін сайысқа түсуі керек екен. Сайыскерлер саны азайған сайын, ақырындап сұмдық құпияның беті де ашылып келе жатыр… бұл құпия сол беті ашылмай жата берсе, Эмили күресіп келген нәрселердің бәрі босқа екенін білдірмек…