Алматы Кітапханаларының филиалы (Розыбакиев к., 247/7)

2025 жылдың 15 желтоқсанында ашылған бұл кітапханада келушілердің уақытын жайлы әрі өнімді өткізуі үшін барлық жағдай жасалған.
Мұнда ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін арнайы бейімделген жұмыс орындары қарастырылған. Сондай-ақ заманауи компьютерлік зал, жеке жұмыс істеуге және кітап оқуға арналған тыныш аймақтар, топтық кездесулер мен шығармашылық жобаларға арналған кеңістіктер жабдықталған. Кітапхананың бай кітап қоры мен дамыған материалдық-техникалық базасы әртүрлі жастағы және әртүрлі қызығушылығы бар оқырмандардың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.
Кітапхананың бірегей жобаларының бірі – «Оқыдың ба – ойна!» жобасы балалар мен жасөспірімдердің оқуға деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Жоба аясында балалар аймағында ойын мен оқуды ұштастыратын жаңа форматтағы PlayStation 5 орнатылған. Бұл бастама балаларды кітапханаға тартып, ерте жастан оқу мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Қор мен келушілер саны
Кітап қоры 10 000-ға жуық кітапты қамтиды. Кітапхана барлық жастағы және әртүрлі талғамдағы оқырмандарға қызмет көрсетеді.
Заманауи технологиялар
Кітапханада толық циклді RFID-жүйесі (радиожиілікті сәйкестендіру) енгізілген. Ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін ақпаратты аудио арқылы шығаруды қолдайтын бағдарламалық-аппараттық құралдар және Брайль дисплейімен жабдықталған арнайы жұмыс орындары орнатылған.
Байланыс телефоны: +7 727 338 77 70
Мекенжайы: Розыбакиев көшесі, 247/7