Кітапхана – бір батырма басымында: Алматы Кітапханаларының мобильді қосымшасы іске қосылды

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Алматы Кітапханаларының мобильді қосымшасы қолданысқа енді. Қосымша алғаш рет наурыз мерекесі қарсаңында өткен «KitapFest-2026» кітап фестивалі кезінде жұртшылыққа таныстырылды.
Аталмыш қосымшада оқырман билетін онлайн рәсімдеп, кітап қорымен қашықтан танысу мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек, тіркелушілер Алматы Кітапханаларында өтетін іс-шаралар мен жаңа кітаптар туралы ақпарат алып, өз мекенжайына жақын кітапхананы көре алады.
Мобильді қосымша арқылы электронды оқырман билеті барлық филиалдарда және өзіне-өзі қызмет көрсету аппараттарында қолданылады.
Сондай-ақ, қосымша арқылы үйге кітап жеткізу қызметін (қызмет мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін тегін ұсынылады) пайдалану мүмкіндігі де қарастырылған.
Енді кітапхана қызметтері мобильді қосымшаны жүктеу арқылы кез келген уақытта қолжетімді.
Мобильді қосымшаны әзірге Android қолданушылары пайдалана алады. Жақын арада Apple iOS жүйесінде де іске қосылады.