Кийосаки Роберт. Бай әкенің ақша квадранты. Қаржылық еркіндікке қалай жетеміз?

«Бай әкенің ақша квадранты» – Роберт Кийосакидің «Бай әке, кедей әке» бестселлерінің екінші бөлімі. Бұл – қаржылық еркіндікке жетелейтін нұсқаулық. Автор оқырмандарға қаржылай еркін болуға мүмкіндік беретін жеті қадам ұсынады. Кийосакидің айтуынша, қаржы әлемінде төрт түрлі квадрант бар және олар әртүрлі. Әр квадранттан табыс табу үшін әртүрлі дағдылар мен жеке тұлғалық қасиеттер керек. Бірақ бір ғана адам осы төрт квадранттың барлығынан да табыс таба алады. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.