Асқар Зере. Адамтас

«Адамтас» комиксі — қазақ және Орталық Азия мифологиясы мен аңыздарынан шабыт алған шытырман оқиғалы туынды. Басты кейіпкер Аман мен оның достары өздері мен әлемі туралы шындықты білу үшін құпияларға, сиқырлы тіршілік иелері мен түрлі сынақтарға толы қауіпті сапарға аттанады. Комикс жасөспірімдерге де, ересек оқырмандарға да арналған.
Бірінші тараудан Аман мен Бөкейдің қалай танысқаны туралы оқи аласыз. Олардың Хамелеондар ауылындағы бастан кешкендері және бір қарағанда тыныш көрінетін бұл ауылдың жасырын сырлары сізді күтуде.