Миллер Фрэнк. 300

«300» – жауыздыққа қарсы бас көтеріп, өз өмірлерін құрбан еткен спарталықтар туралы хикая. «300» – санаулы адамның рухани күші әлемнің күйреуін тоқтата алатынын дәлелдейтін аңыз. Ол – жарты құдайлар немесе титандар емес, ет пен сүйектен жаралған адамдардың арасындағы шайқас туралы миф. Өзінің графикалық романдарымен асқан танымалдыққа ие болған автор Фрэнк Миллердің бұл туындысы әлемдік графикалық романдардың алтын қорынан орын алған. Шығарма тарихи тұрғыдан толықтай шындыққа сай болмаса да, оның көркемдік құндылығы сөзсіз.