Риччи Роберто. Қызыл Арлекин. Жаңа кезең

Хромдардың жеріндегі қанды қырғынды тоқтату жолындатағы бір соғыс оты тұтанды. Түрлі түстегі хромдардың ендігі мақсаты — ғасырлар бойы өздерін бөліп келген айырмашылықтарды жеңіп, бірігу. Осынау қиын-қыстау кезеңде Цестия мен Ашеваның махаббаты сынаққа ұшырады. Олар осы сынақтан өте ала ма? Сүйіспеншілік, өлім, достық, бостандық — бәрі мидай араласып кеткен уақытта Ашева қым-қуыт жаңа сапарға аттанбақ. Жаңа сапар жаңа кезеңнің бастауы болмақ. «Жаңа кезең» — «Қызыл Арлекин» атты фэнтези жанрындағы топтаманың төртінші кітабы.