Тоқаев Кемел. Соңғы соққы

«Соңғы соққы» – Жетісу чекистері: Қасымхан Шанышев, Василий Давыдов және Махмұд Қожамияровтың ерлігіне арналған, деректі негізде жазылған роман. Жаңа өмірдің әділдігіне сенген халықтың ең үздік өкілдерінің көмегіне сүйене отырып, чекистер жаулардың арам пиғылдарын талқандайды және атаман Дутовтың ордасына шешуші соққы береді. Кемел Тоқайұлы Тоқаев (2 қазан 1923 жыл, Қаратал ауданы, Алматы облысы – 6 қазан 1986 жыл, Алматы) – кеңестік жазушы және редактор. Ұлы Отан соғысының ардагері. Қазақстанның екінші Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі.Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған көрнекті қаламгер Кемел Тоқаев шытырман оқиғалы көптеген роман хикаяттарымен оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленді. Жазушының «Соңғы соққы» романында өткен ғасырдың жиырма сыншы жылдарындағы Жетісу өңірінің от-жалынға оранған күреске толы күндері баяндалады, ел мен жер үшін аянбаған тұлғалардың ішкі және сыртқы жаулармен күрестегі ерлік істері шынайы сипатталады. Адам тағдырына терең бойлай білетін қаламгер шығармасында дәуір мен дерек сипаты, замана шындығы кең қамтылады. Ширыққан оқиғаларға құрылған туындыда жазушы қылмыскерді тығырыққа тіреудің сан қилы әдіс-тәсілдерін шебер меңгерген кейіпкер болмысын боямасыз суреттеп, көркем тілмен өрнектеп жеткізеді. Кітап көпшілік оқырманға арналған.