Алматы Кітапханаларына қарасты А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада Алматы қаласы Мәдениет басқармасы құрамындағы мекемелер басшыларының қатысуымен тыңдалым өтті
Алматы Кітапханаларына қарасты А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада 8 маусым күні Алматы қаласы Мәдениет басқармасы құрамындағы мекемелер басшыларының қатысуымен тыңдалым өтті.
Жиын барысында 2022-2023 жылдардағы атқарылатын жұмыстар талқыланды. Алматы Кітапханаларының директоры Мейрам Еркенұлы Бектембаев кітапханалардың қызмет барысы, алдағы жұмыстардың басым бағыттары туралы жоспарларымен бөлісіп, баяндама жасады. Аталған жиынға Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің Төрағасы, орынбасары, кеңес мүшелері, халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Айдарұлы Майлибаев арнайы қатысты.