Бахтиярқызы Жәмиля. Бәйшешек

«Бәйшешек» кітабында автордың он жыл бойы ауыр дертпен күресіп, оны жеңіп шығу жолы баяндалады. Он жасында дертке шалдыққан Жәмиляның өмір жайлы ойы, өмірге деген сүйіспеншілігі, жансақтау бөлімінде өткен күреске толы күндері суреттеледі. Кітап «Күрес, Сенім, Жеңіс» атты үш тараудан тұрады. Әр тарауда оқырман түйер ой өте көп. Шынайы оқиғалардың желісінде жазылған бұл кітап – қазіргі қоғам үшін қажет нағыз мотивация. Бүгінде «Бәйшешек» кітабы әлемнің алты тіліне аударылып үлгерді. Кітапқа сұраныс тек Қазақстан бойынша емес, азия елдері арасында да баршылық.