Анил Сет. «Өзің болу: сананың жаңа теориясы»

Өзің болу – сырттай қарағанда оңай көрінгенімен, шын мәнінде өте күрделі құбылыс. Әрқайсымыздың миымыздағы миллиардтаған нейрон күн сайынғы саналы тәжірибемізді қалыптастыру үшін үздіксіз жұмыс істейді. Бірақ бұл үдеріс қалай жүзеге асады? Біз қоршаған әлемді «өз көзімізбен», яғни бірінші тұлға тұрғысынан қалай қабылдаймыз?

Бүгінде ғылым сананың пайда болуына жауап беретін мидағы биологиялық механизмдерді зерттеп, бақылауға мүмкіндік алды. Көпжылдық ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде нейроғалым Анил Сет сананың жаңа теориясын ұсынды. Бұл теория нейроғылым үшін эволюциялық биологиядағы Докинз теориясымен пара-пар маңызға ие.