№29 балалар кітапхана-бөлімшесі

№29 балалар кітапхана-бөлімшесі – бұл кітап, шығармашылық және білім балалар мен ересектерді біріктіретін жайлы кеңістік. Мұнда ертегілер мен танымдық басылымдардан бастап, ересектерге арналған әдебиеттерге дейін әркім өзіне ұнағанын таба алады.

Тарихы мен дамуы

1974 жылы негізі қаланған бұл кітапхана көптеген жылдар бойы Бостандық ауданы тұрғындары үшін оқу және қарым-қатынас орталығы болып келеді. 2020 жылы кітапхана жаңғыртылып, заманауи жабдықтармен толықты.

Кітап қоры

Кітапхана қоры 4 965 дана кітаптан тұрады, оның ішінде балалар мен ересектерге арналған әдебиеттер бар. Көркем шығармалар, ғылыми-танымдық кітаптар, оқу материалдары және басқа да көптеген басылымдарды осы жерден табуға болады. 726,7 шаршы метрлік кең әрі жарық ғимарат оқу, жұмыс жасау және іс-шараларға қатысу үшін қолайлы жағдай жасайды.

Үйірмелер 

«Жас қаламгер» – қазақ тілі курсы

«Жас суретші» – сурет үйірмесі

«Қөл өнері» – тоқу клубы

«Шебер қолдар» – бисермен жұмыс

«Жас натуралист» – сурет үйірмесі

Қытай тілі курсы

№29 балалар кітапхана-бөлімшесі – бұл жас ерекшелігіне қарамастан, әрбір оқырман қызықты кітаптар мен қызықты іс-шараларды таба алатын орын!

Мекенжайы: Бостандық ауданы, Орбита-4 ықшам ауданы, 10-үй (тұрғын үйдің 1-қабаты).

Байланыс: 254 77 41

Instagram: Перейти