№45 көпшілік кітапхана-бөлімшесі

№45 кітапхана-бөлімшесі – бұл әр аудан тұрғыны үшін қолжетімді, оқу мен өзін-өзі дамытуға арналған жайлы кеңістік.

Тарихы

Кітапхана 1999 жылы ашылып, содан бері Әуезов ауданының мәдени өмірінде маңызды рөл атқарып келеді. Ол КММ «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы №3» аумағында орналасқан, бұл барлық санаттағы азаматтарға білім мен әдебиетке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кітап қоры

Кітапхана қоры 4 349 данадан тұрады, ал жайлы атмосфера оқу процесін жағымды әрі қолжетімді етеді. Мұнда көркем әдебиет, ғылыми-танымдық басылымдар және өзін-өзі дамытуға арналған кітаптар бар.

Үйірмелер мен жобалар

«Жүректен жүрекке» – кітап оқу үйірмесі

«Кітапхана – шексіз мүмкіндіктер мекені» – ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, қарттар мен мүгедектерге арналған арнайы жоба, олардың ақпарат пен білімге, сондай-ақ өзара қарым-қатынасқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді

«Дәстүрге жол» – қазақтың ақ жаулықты аналары мен жастар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған жоба, әжелер мен аталар және немерелердің жақындасуына ықпал етеді

Мекенжайы

Әуезов ауданы, «Мамыр-7» ықшам ауданы, 8а үй (КММ «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы №3» аумағында).

№45 кітапхана-бөлімшесі – бұл әр адам шабыт, білім мен қолдауды таба алатын әдебиет әлемі!

Instagram: Перейти