Жамбыл атындағы Қалалық жасөспірімдер кітапханасы

Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы – бұл әдебиет, білім және шығармашылықты біріктіретін ерекше мәдени кеңістік.

Тарихы

2016 жылы кітапхана Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қосылды.

Кітап қоры

Кітапхана қоры 320 906 дана кітаптан тұрады, жас оқырмандарға кең таңдау мүмкіндігін ұсынады.

Үйірмелер

«Ізінен аңыз ерген…» – тұлғалар мен тарихи оқиғаларға арналған танымдық кездесулер

«Әдеттер әліппесі» – кітап оқу әдетін қалыптастыруға арналған тренинг

«Ой-көкпар» – эрудиция мен логиканы дамытуға бағытталған интеллектуалдық сайыс

«CurioSphere» – ғылымға қызығатындар үшін теориялық және практикалық зерттеу алаңы

«InspireTalks» – әртүрлі сала мамандарының тәжірибесімен бөлісетін мотивациялық дәрістер

«Digital Creators Hub» – цифрлық әлемдегі креативтілікті дамытуға арналған клуб

«Q-Planet» – ағылшын тілін тәжірибеде қолдану клубы

«Білгім келеді…» – түрлі кәсіп өкілдерімен кездесулер

«Шабыт» – әдебиетті бағалайтындарға арналған поэзия клубы

Жобалар

«Кино кеш» – қазақ әдебиетінің аймақтық ерекшеліктерін зерттеуге арналған жоба

«Сезім музейі» – қазақ жазушыларымен танысу және олардың шығармаларын талқылау

«Атырау – Алтай арасы» – Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас жазушылар мен ақындардың таныстырылымы

«Мамандығым – мақтанышым» – кәсіби бағдар беруге көмектесетін жоба

«Парақтайық» – әдеби-талқылау жобасы

«Ой – көкпар» – ұлттық дәстүрлермен танысу

«Жас қаламгер мектебі» – жастардың жазушылық шеберлігін дамыту

Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы – бұл жаңа идеялар туындайтын, таланттар ашылатын және кітаптар жанданып, оқырманын табатын мекен!

Мекенжайы: Назарбаев даңғылы, 43 (бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабаты).

Байланыс: +7(727)3387775

Instagram: Перейти