Көру мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кітапханалық қызметтер

Көру қабілеті шектеулі азаматтарға арналған кітапхана қызметтері

Бірнеше кітапхана филиалдары көру қабілеті шектеулі азаматтарға арналған арнайы кітапхана қызметтерін ұсынатынын хабарлаймыз. Бұл қызметтер көру қабілеті шектеулі немесе мүлдем жоғалтқан адамдарға арналған.

Оқырмандар келесі мүмкіндіктерді пайдалана алады:

  • Арнайы жабдықталған кітапхана компьютерлерінде жұмыс істеу;
  • Кітаптар мен басқа да құжаттарды сканерлеу, тану және оқу (жазылған мәтіндер);
  • Интернетте ақпарат іздеу және өңдеу, сондай-ақ кітапхананың электрондық кітаптарын оқу;
  • Брайль әліпбиімен жазылған әдебиеттерді оқу.
  • Брайль принтерін пайдалану (Брайль әліпбиімен мәтін басып шығаруға арналған құрылғы)

Бұл қызметтер келесі филиалдарда қолжетімді:

  • А. П. Чехов атындағы орталық қалалық кітапхана, мекенжайы: Алмалы ауданы, Гоголь көшесі, 109;
  • ALATAU CREATIVE HUB, мекенжайы: Алматы, Нұркент, 5/11;
  • №14 кітапхана-филиал, мекенжайы: Бостандық ауданы, Римский-Корсаков көшесі, 3;
  • №4 кітапхана-филиал, мекенжайы: Алмалы ауданы, Абай даңғылы, 141;
  • Құлболда филиалы, мекен-жайы: Герольд Бельгер көшесі, 1Б;
  • Жамбыл атындағы қалалық жастар кітапханасы, мекенжайы: Алмалы ауданы, Назарбаев даңғылы, 43;
  • Қазақстан жазушылары кітапханасы, мекенжайы: Әуезов ауданы, 11-ші шағынаудан, 37 үй;
  • И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы, мекенжайы: Әуезов көшесі, 175;
  • №29 балалар кітапханасы, мекенжайы: Орбита-4 шағынауданы, 10;
  • №45 кітапхана-филиал, мекенжайы: Әуезов ауданы, Мамыр-7 шағынауданы, 8а үй.

Қосымша ақпарат алу үшін көрсетілген филиалдарға жүгінуге немесе кітапхана сайтында көрсетілген байланыс нөміріне +7 (727) 338-77-25 қоңырау шалуға болады