Алматы Кітапханалары мен Селангор штатының кітапханалары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

23 тамызда Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасына Малайзиядан делегация келді. Делегацияны Селангор штатының мемлекеттік хатшысы Ахмад Фадзли Ахмад Таджуддин бастап келді. Құрамында Селангор Қоғамдық кітапханалар корпорациясының директоры Мастура бинти Хаджи Мухамад және малайзиялық кітапхана қызметкерлері болды.
Сапар барысында қонақтар кітапхананың жұмысымен, жобаларымен және жетістіктерімен танысты. Тараптар өзара ынтымақтастық орнату, тәжірибе алмасу және Алматы Кітапханалары базасында малайзиялық әдебиет бұрышын ашу жөнінде келісімге келді.
Кездесудің қорытындысында Алматы Кітапханалары мен Селангор штатының кітапханалары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл қадам мәдени және кәсіби байланысты нығайтудың жаңа кезеңі болмақ.