Алматы Кітапханалары қазіргі кезеңде: директор Мейрам Бектембаевтың көзқарасы

Алматы – Қазақстанның жетекші мәдени және ғылыми-білім беру орталықтарының бірі. Қалада Алматы Кітапханаларының қарамағындағы 28 кітапхана, оның ішінде, 2 орталық, 17 бұқаралық және 8 балалар кітапханасы, сондай-ақ 1 кітап беру пункті табысты жұмыс істейді. Алматы Кітапханалары оқырмандармен жұмыстың инновациялық әдістерін пайдалана отырып, қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін кітапхана ісіне озық технологияларды енгізе отырып, белсенді түрде дамып келеді.

2023 жылғы 2 тамызда республикалық “Казахстанская правда” газетіне берген сұхбатында Алматы Кітапханалары директоры Мейрам Бектембаев қала тұрғындарының рухани және мәдени дамуындағы, білімді қоғамды қалыптастырудағы кітапханалардың маңызы туралы өз ойларымен бөлісті. Ол кітапханалардың кітаптар мен ақпаратқа қол жеткізетін орын болып қана қоймай, мәдени және зияткерлік даму орталықтарына, білім беру іс-шараларын, жазушылармен және ақындармен кездесулер, көрмелер мен ойын-сауық іс-шараларын өткізетін орынға айналатынын атап өтті.

Мейрам Бектембаев сонымен бірге Алматы Кітапханалары өз мүмкіндіктерін белсенді түрде жетілдіріп, заманауи цифрлық технологиялар мен электрондық ресурстарға, онлайн бағдарламаларды әзірлеп, электрондық кітаптарға қол жеткізуді ұсынып отырғанын, бұл олардың қазіргі оқырмандар үшін қолжетімді әрі ыңғайлы болатынын атап өтті.

Толық мақала