Алматы Кітапханаларында Түркияның генералдық консулымен кездесу өтті

Бүгін Алматы қаласында «Alatau Creative Hub» орталығында Алматы Кітапханаларының директоры Мейрам Бектембаев Түрік Республикасының Алматыдағы Генералдық консулы Тугбой Алан Өзденфедакар және білім мәселелері бойынша атташеШүкүр Көсеғамен кездесті.

Кездесу барысында қонақтарға кітапханалардың негізгі бағыттары таныстырылды: түрік әдебиеті бұрышы, зағип және көзі нашар көретін жандарға арналған инклюзивті аймақ, өздігінен қызмет көрсету аппараттары, «Оқы – Ойна!» жобасы аясындағы балалар ойын алаңы және кітапханалардың жұмысына енгізілген басқа да мүмкіндіктер.

Сонымен қатар, кездесуде екіжақты мәдени-рухани байланыстарды нығайту және кітапхана ісі саласында ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Бүгінгі кездесу мәдени өзара әрекеттестікті жаңа деңгейге шығару және бірлескен бастамаларды жүзеге асыру үшін берік негіз болмақ.