Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлері арасында жылдам шахматтан қалалық чемпионат – Сенат Кубогы 2026 турнирінің 1/8 турнирі өтті

Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлері арасында жылдам шахматтан қалалық чемпионат – Сенат Кубогы 2026 турнирінің 1/8 финалы аяқталды. Атаулы сайыс Senat Open 2026 іріктеу турнирлері сериясының маңызды бөлігіне айналды.

Жарыс шахматты зияткерлік дамудың бірегей құралы ретінде дәріптеу, сондай-ақ мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің спорттық шеберлігін арттырып, өзара байланысты нығайтуға бағытталды.

Турнир барысында 60-тан астам қатысушы жеті кезеңнен тұратын тартысты ойын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Сенат Кубогының ширек финалына жолдама алған 20 мықты ойыншы анықталды.

Алматы Кітапханалары өкілдері өз жетістігімен ерекше қуантты. Турнир жүлдегерлерінің қатарынан Алматы Кітапханаларының инженер-бағдарламашысы Санат Мұқашев көрінді. Іріктеуден сәтті өткен Адылжан Садықовпен бірге олар қалалық мекемелердің ең мықты шахматшылары бақ сынайтын келесі кезеңде қала кітапханаларының атынан қатысатын болады.