Мұзаффар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш
Көрнекті ақын, сыншы ҚР Мемлекеттік сылығының иегері Мұзаффар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай 27 қыркүйек күні И. А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында әдеби-музыкалық кеш өтті.
Кеште “Балдырған” журналының редакторы Дүйсен Мағзұмов кіріспе сөз сөйледі. Іс – шараға Қазақстан Жазушылар Одағы Басқарма Төрағасының орынбасары, ақын Бейбіт Сарыбай, сондай-ақ ақынның немересі – Бақтияр Мұзаффаров қатысты.
Шара барысында халық әндері шырқалды, №140 мектеп-гимназиясының оқушыларының орындауында ақынның өлеңдері оқылды. Ақын Қ. Бекхожиннің жұбайы Заида апай Мұзаффар Әлімбаев туралы жылы естеліктерімен бөлісті. Кеш аясында М. Әлімбаевтың “Алақай, балақай” кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер рәсіміне Алматы Кітапханалары директорының орынбасары Л.М.Спатаева, ақын Болат Үсенбаев қатысты. Қазақ әдебиетінің қазынасына айналған ақынның қаламынан туған жұмбақтар, жаңылтпаштар мен қанатты сөздерге байланысты балаларға арналған қызықты ойындар өткізілді.