ОРАЛХАН БӨКЕЙДІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ КЕШ

Алматы Кітапханалары № 14 кітапхана – бөлімшесінде «Алтайдың кербұғысы» атанған көрнекті жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына орай «Әлемнің ұлттық бейнесі» атты әдеби кеш өтті.

Аталған шараға Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы, магистр Құттыбаев Шоқан Дүйсенханұлы мен Абай атындағы РММИ ұстазы Қизат Тілеуберді мырза қатысып, жазушының шығармашылығы туралы пікірлерімен ой бөлісті, кешке қатысушыларымен бірге қаламгер туындыларына талдау жасады. №81 мектеп- гимназиясының оқушылары әдеби кешке арнайы келіп қатысты. Білім ордасының жас күйшілері кеш қонақтарына күмбірлеген күйлерді тарту етті. Автордың бірнеше шығармалары талданып, викториналық ойындар ұйымдастырылып, кітапхана атынан қонақтарға сыйлықтар табысталды.

Бұл әдеби кеш сөз бен өнердің мерекесі ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның мәдени және әдеби тарихында өшпес із қалдырған Оралхан Бөкейдің шығармашылығын сақтауға және насихаттауға қосқан зор үлесі болды.