«Қайым Мұхамедханов – ұлт руханиятының шамшырағы»

2026 жылдың 21 қаңтар күні Қазақстан Жазушылар кітапханасында ғалым, абайтанушы, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Ұлт руханиятының шамшырағы – Қайым Мұхамедханов» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс шара Қайым Мұхамедхановтың ғылым жолындағы еңбегін саралау, ғалым есімін дәріптеуге бағытталған.
Іс-шараға профессор, PhD доктор, «Қайым Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет орталығы» қоғамдық ұйымының директоры Дина Мұхамедхан, әдебиеттанушы-ғалым, профессор Серікқазы Қорабай, әдебиеттанушы-ғалым, ф.ғ.д., профессор Гаухар Балтабаева, Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының директоры, ф.ғ.д., профессор Алуа Таңжарықова, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты, Қайым Мұхамедханов туралы еңбектердің авторы Найля Тажикбаева, ақын, жазушы, Қайым Мұхамедхановтың шәкірті, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әбубәкір Қайран, жазушы-журналист, «Ер қазақ» кітабының авторы Дәулет Сейсенұлы қатысты.
Жиын барысында Қайым Мұхамедхановтың ғылыми және әдеби мұрасы кеңінен сөз болып, Қайым Мұхамедхановтыңшәкірті, абайтанушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Еркін Шүкімановтың бірқатар шәкірттері Абай әндерін шырқап, «Абай» ұлттық мектебінің оқушылары мен Алматы заң колледжінің студенттері Қайым Мұхамедханов өлеңдерін жатқа оқып, жеке пікірлерін білдірді. Сондай-ақ «Қайым Мұхамедхановтың әдеби-ғылыми мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған презентация ұсынылды.
Іс-шара қорытындысында белсенді қатысушыларға Алматы қаласы ОҚЖ директоры атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.