Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы мен Алматы Кітапханалары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы мен Алматы Кітапханалары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл шешім мәдениет және білім саласын дамытудағы маңызды қадам болып табылады.
Меморандумға «Қазақстан Республикасы Президентінің орталығы» РММ директоры Темірболат Бақытжан мен Алматы Кітапханалары директоры Мейрам Бектембаев ресми түрде қол қойды. Кітапхана ісі саласындағы әріптестік жаңа жетістіктерге қол жеткізеді деген сенімдеміз.
Меморандум аясында тараптар кітапхана қорларына қолжетімділікпен алмасып, қазақстандықтар арасында кітап оқуды насихаттауға бағытталған түрлі бірлескен жобаларды жүзеге асырмақ. Бұл ретте тараптар кітапхана ісін жетілдіруге бағытталған заманауи жұмыс әдістерін пайдалануға күш салатын болады.
Бірлескен қызметіміз кітапханаларымыздың дамуын жаңа деңгейге көтереді деген сенімдеміз!