ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА Президенті Күнсұлу Закарья мен академия өкілдері Алматы Кітапханаларына жұмыс сапарымен барды
Кітапхана – ғылыми ой мен көзқарастардың бастау бұлағы. Кітапхана арқылы қоғамда талай игі істер өріс жайды. Бір жағы Мемлекет басшысы жолдауында «адам әлеуетін дамыту – маңызды мәселенің бірі» деген-ді. Алматыдағы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»бастан осы ұстаныммен ұлттың ілім қазынасына айналып үлгерген. Алматы Кітапханаларының директоры Бектембаев Мейрам Еркенұлы Алматы қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің ауқымды қызметі жайлы баяндап берді. Бұл орталық бүгінде құнды мұраларды оқырманға қолжетімді ету мақсатында цифрландырудың тың тетіктерін іске қосқан. Ғылымның осы жетістігін кәдеге жарату арқылы креативті экономика құлашын кеңге жаяды.
Осы бағыттағы ендігі жұмыстарға академиямыз мұрындық болып, арнайы жұмыс топтарын құрмақ. Олар елдегі көне кітаптарды жаңғырту ісіне және ғылыми еңбектердің кең насихатталуы үшін жұмыс істейді. Кездесуде елдің ертеңіне ықпал ететін мәселелер айтылып, тараптар ынтымақтастығы сөз болды.