«Ұлт руханиятының шырағы: Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш»

Алматы қаласы А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада 26 қыркүйек күні Ұлт руханиятының ірі тұлғасы, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына биыл 100 жыл толуына орай «Ақиқаттан айнымаған қаламгер» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Кеш қонақтары:
Самал Бердібекқызы — жазушының қызы;
Дариға Тұрдағұлова – Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ныі ұстазы, профессор;
Тілеулес Құрманғалиев – дәстүрлі әнші, Мәдениет саласының үздігі;
Бақыт Тушаев – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Серпер» сыйлығының лауреаты;
Гүлжанат Мұхамеджан – әнші, сазгер, Мәдениет саласының үздігі.
Іс-шара барысында Самал Бердібекқызы әкесі туралы жылы естеліктерімен бөліссе, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, Д.Тұрдығұлованың шеберханасының шәкірттері Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларынан «Сұмдық сөз», «Менің атым Жанболсын» атты қойылымдар қойып, көпшіліктің қошеметіне ие болды. Дәстүрлі әнші Тілеулес Құрманғалиев өз сөзіне «Менің атым Қожа» шығармасын еске ала отырып, тереңінен ой толғады. Әдеби-сазды кештің соңы Б.Соқпақбаевтың мерейтойына арнап шығарылған әнші, сазгер Гүлжанат Мұхаметжан «Балалық шаққа саяхат» әнімен аяқтады.
Бұл кеште тыңдармандар Соқпақбаевтың шығармаларымен тереңірек танысып, оның әлеміне үңіліп, рухани ләззат алды.