Жаңа іскерлік әдебиеттермен толған автономды шағын кітапханалардың тұсаукесері
Алматы Кітапханалары мен Home Credit Bank ынтымақтастығы аясында «Forum»-да болашақта қаланың ірі ОСО-да орнатылатын автономды шағын кітапханалар арқылы іскерлік әдебиетті насихаттауға арналған жаңа әлеуметтік жобаның тұсаукесері өтті.
?Бұл жобаның мақсаты – қоғамда кітап оқуды насихаттау және қаржылық және экономикалық сауаттылықты дамыту. Бұл ынтымақтастық оқырмандарға заманауи бизнесте қажетті кәсіби дағдыларды арттыруға бірегей мүмкіндік береді.
? Іс-шараға Алматы Кітапханаларының директоры Бектембаев Мейрам Еркенұлы, Хоум Кредит Банкінің Басқарма Төрағасы Кирил Бачваров, HCB Business көшбасшысы Дамир Какиев және цифрлық өнімді дамыту директоры Арина Лепихова, және танымал қазақстандық блогерлер, сондай-ақ түрлі ұйымдардың, БАҚ-тың және басқа да өкілдері қатысты.