Артур Конан Дойл «Жоғалған әлем»
“Жоғалған әлем” – көрнекті ағылшын жазушысы Артур Конан Дойлдың ғылыми фантастикасы.
Романда Оңтүстік Америкаға сапарлаған Британия экспедициясы туралы әңгімеленеді.
Амазониядағы адам аяғы басып көрмеген биік жартасты үстіртті зерттеуге аттанған профессор Челленджер мен оның серіктері (профессор Саммерли, лорд Джон Рокстон мен газет тілшісі Мэлоун) динозаврлар, адам тектес маймылдар мен жабайы адамдар қатар тіршілік ететін “жоғалған әлемге” тап болады. Оқиға газет тілшісі Мэлоуннің атынан баяндалады.
Беттер саны: 288