Дэвис Барбара “Последняя из Лунных Дев”

Нью-Йорк тұрғыны Лиззи Лун белгісіз біреуден өз аты жазылған бейтаныс күнделік пен хабарлама алады. Онда оның әжесі, Сейлем-Крик қалашығында белгілі шөпші және емші Альтея Лунның қайтыс болғаны және күлі желге ұшырылғаны жазылған.

Лиззидің анасы сегіз жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кеткендіктен, ол отбасының мұрагерлік иелігін – лаванда мен емдік шөптер өсірілетін плантациялары бар үйді жалғыз өзі иеленеді. Отбасылық мұрадан алыстап, жаңа өмір құру үшін қаладан кеткен Лиззи туған жеріне оралып, алғаш рет жауапкершілікті өз мойнына алуға мәжбүр болады.