Пилки Дейв. Итбас пен Марғаш

Тамаша жаңалық! Итбас қайта оралды — әрі бұл жолы ол жалғыз емес. Әділеттің иісін алыстан сезетін қаһарман иттің енді жүнді мысық серігі бар. Екеуін бірге жаңа жұмбақ іс күтіп тұр!

Қалаға жаңа мысық күтуші келіп, сол сәтте жарқыраған кино жұлдызы ғайып болғанда, күнді құтқару Итбас пен Марғашға жүктеледі. Батырлар ізден жаңылмай ма, әлде Әлемдегі ең зұлым мысық Пити оларды жалған ізге түсіре ме?

Дейв Пилкидің аса танымал Итбас сериясы барлық жастағы оқырмандарды баурап, мейірімділік, жанашырлық, табандылық және өз болмысыңа адал болу сияқты ортақ адамзаттық құндылықтарды дәріптейді.