Қазақтың шешендік өнері
Қазақ шешендік өнері — сұлу сөзбен өрілген поэзиямен қоса ой тұңғыйығының терең түкпірінен қайнап шыққан тас бұлақтай таңданарлық философиялық тұжырымдар. Шешендік сөздер ұйқаспен, ырғақпен айтылады. Дұшпанына зілді, көңілі күпті жанға медеу болса, қас батырға ұран болатындай, шапқанын қиып түсіретін өткір. Қазақ шешендері мен билерінің нақыл сөздері ауыз әдебиетіміздің баға жетпес мұрасы. Осы кітапқа өткір тіл, орақ ауыз айтқыштарымыздың ел арасына тараған тапқыр сөздері жинақталған.
Шығарылған жылы: 2022
Беттер саны: 228