Құлтөлеу Мұқаш «Әуестік әлемі»
Abai baspasy-нан шыққан кітап қазақ топырағында әуестіктің пайда болуы, көрнекті тұлғалардың хоббиі туралы баяндайды. Мысалы, жетпіске жуық тіл біліп, ғылымның әртүрлі саласында 150-ге тарта трактат қалдырған әл-Фараби бабамыз өз қолымен қобыз, домбыра аспаптарын жасаған екен. Тіпті өзі жасаған қобызбен адам емдегені туралы да деректер бар.