Рейд Тейлор Дженкинс “Возможно, в другой жизни”

Жиырма тоғыз жасында Ханна әлі күнге дейін өмірден не қалайтынын білмейді. Ол алты қалада тұрып, сансыз жұмыс ауыстырды, бірақ өз жолын таба алмады. Лос-Анджелеске оралған соң бір кеште бала күнгі құрбысы Габби мен бұрынғы жігіті Итанмен барда кездеседі. Түн жарымында екеуі де оған кетуді ұсынады. Ханна күмәнданады. Егер ол Габбимен кетсе не болады? Ал егер Итанмен бірге шықса ше?
Осы сәттен бастап оның өмірі екі түрлі бағытқа бөлінеді. Ханна әр таңдаудың салдарын сезініп, өз өмірінің қандай болатынын көреді.