Сафарли Эльчин. Расскажи мне о море

Сіз байқадыңыз ба, қала — сүйікті адамың сияқты? Ол сені тыңдайды, саған қамқорлық жасайды, сенімен бөліседі, ал сен оған бар нәрсеңді ойланбастан, аз ба, көп пе — бәрібір, бересің. Қала да, сүйікті адам да — екеуімен де өзара қатынас орнайды. Көтерілу мен құлдырау, кейде көңіл қалу да болады. Қарама-қайшылықтар. Бірақ олардың бәрінен де маңыздысы — тереңде, теңіздің толқыған ағысының астарында жатқан нәрсе. Ол — махаббат.