Сэлинджер Джером. Жар жағалаған жалғыз

Кітап оқырманға Холден Колфилд атты он алты жастағы жасөспірімнің өмірін баяндайды. Өте күрделі мінезі бар, қиын жас кезеңінде тұрған адам, қоршаған әлемді өзінше қабылдайды. Армандар мен шындық, баладай ойнақылық пен серйоздық — барлығы бір адамда тоғысады. Кітапты оқыған кезде сіз бала өміріндегі күнделікті оқиғалардың айналымына кіресіз. Бірақ ол оқиғаларды қалай қабылдайтыны, қандай таңдау жасайтыны, не айтатыны немесе ойлайтыны сізді бейжай қалдырмайды. Белгілі және талантты жазушы Джером Сэлинджерден келген қарапайым американдық жасөспірімнің қызықты тарихы.
«Жар жағалаған жалғыз» — бұл ересектер әлеміне қарсы айқын наразылық, шынайы, адал өмірге ұмтылысты бейнелеген роман. Дж. Д. Сэлинджердің кітабы Холден Колфилдтің бірнеше күндік өмірін баяндайды, оның есімі жасөспірімдердің бунтарлық символына айналған. XX ғасырдың соңында және XXI ғасырдың басында әдебиетке ғана емес, бүкіл мәдениетке зор әсер еткен бұл роман ұмытылмас, батыл жастық шақтың жарқын көрінісі ретінде ұрпақ есінде қалады.