Шыңғысхан Әмір.Заман

Бұл фантастикалық хикаят Жер алты құрлыққа бөлінбеген, Еуразия мен Солтүстік Америка бірігіп Лавразия деп аталатын, жерде кентаврлар, арахноидтар (өрмекші-адамдар), скорпионоидтар (шаян-адамдар), анттар (құмырсқа-адамдар) мекендейтін кезеңді бейнелейді. Оқиға Кентаврия мен Арахнияның арасындағы соғыспен басталып, кішкентайынан өзіне сенімсіз болып, достары мен жақындарынан бөлектеніп өскен, бүкіл болмысымен дұшпандыққа қарсы Заман есімді кентаврдың елдер арасындағы араздықты тоқтатуымен аяқталады.