Сидни Шелдон “Ты боишься темноты?”

Таннер Кингсли жетекшілік еткен талдау орталығында төрт адам жұмыс істеген. Алайда олардың барлығы белгісіз себеппен әлемнің әр бұрышында өлім құшады. Бұған дейін олар ауа-райын бақылауға арналған Prima атты құрылғыны зерттеп жатқан.
Қызметкерлер қайтыс болғаннан кейін Диана мен Келли тергеу жүргізіп, бұл істің артында Таннердің өзі тұрғанын анықтайды. Ол климат пен әлемдік үкіметтерді бақылау үшін “Приманы” пайдалануды жоспарлаған. Тергеу барысында олар өздері кездесуге тырысқан сенатордың осы жоспардан хабардар болғанын біледі.
Диана мен Келлиге бірнеше рет қастандық жасалады. Алайда одан аман қалған екі әйел Таннер мен оның “туындысын” әшкерелейді. Нәтижесінде Танердің ағасы Эндрю “Приманы” жойып, қастандықтың алдын алады.